«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының апталығы аясында Esil University-де ИТЗД 24/1 тобының студенттеріне арналған «Микропроцессорлық техника негіздері» пәні бойынша «Микропроцессорлық жүйелерде енгізу мен шығаруды ұйымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақты техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының (МАИН) академигі, доцент міндетін атқарушы С.А. Кульмамиров және магистр, оқытушы Ұ.Д. Несіпбай өткізді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тереңдету, практикалық дағдыларын дамыту және ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби қызметтің перспективаларымен таныстыру.
Сабақ барысында микропроцессорлық жүйелердің негізгі компоненттері, олардың қызметі, функционалдық ерекшеліктері және деректерді енгізу мен шығаруды ұйымдастыру қағидаттары қарастырылды. Оқытылатын пәннің ИТЗД білім беру бағдарламасы студенттерінің болашақ кәсіби қызметімен байланысына ерекше назар аударылды.
Ашық сабақ аясында пәнді оқу барысында дайындалған студенттің ғылыми мақаласы таныстырылып, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрсетілді.
Практикалық бөлімде микропроцессорлық жүйелерде енгізу мен шығаруды ұйымдастыруға арналған екі зертханалық жұмыс талданды. Студенттер оқытушылармен бірлесіп зертханалық тапсырмаларды орындау қағидаттарын және алған білімдерін тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін қарастырды.
Осындай сабақтарды өткізу студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыруға және теориялық дайындық пен заманауи технологияларды практикалық қолдану арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

-2.png&w=1080&q=75)