Республика күні қарсаңында Б-ӘЖ-26/1Қ-1 тобының 1-курс студенттеріне «Менің Республикам – менің мақтанышым» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шараны топ кураторы Жетпісәлі Г.І. мен Әдебиетова А.Е. бірлесіп ұйымдастырды.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің бойында патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру және ел тәуелсіздігінің маңызын түсіндіру. Іс-шара барысында студенттер Республика күнінің тарихи маңызымен, Қазақстанның жетістіктерімен және мемлекеттік рәміздердің маңыздылығымен танысты.
Іс-шара студенттердің патриоттық рухын нығайтуға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)