Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ағылшын тілі пәнінің аға оқытушылары, оның ішінде А.Ж. Бейсенова, «Менеджмент» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен академиялық ұтқырлық және академиялық адалдық тақырыптарында іс-шара өткізді.
Студенттер ағылшын тіліндегі презентацияларында Қазақстан мен шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, халықаралық алмасу бағдарламалары және гранттық мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ түрлі елдердің білім беру жүйелері мен халықаралық тәжірибенің тұлғалық және кәсіби дамудағы маңызын қарастырды.
Кездесу барысында оқуға жауапкершілікпен қарау, плагиат пен көшіруге жол бермеу мәселелері талқыланды. Іс-шара студенттердің ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу, ақпаратты өз бетінше іздеу және таныстыру дағдыларын дамытуға бағытталды.

