Қолданбалы ғылымдар факультетінің «Құқық» кафедрасының студенттерімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадр қызметінің қызметкері, полиция подполковнигі Р.Р. Камзин кездесті.
Кездесу барысында ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі, кандидаттарды іріктеудің негізгі талаптары және қызмет өткеру ерекшеліктері түсіндірілді. Құқықтық даярлықтың, тәртіптіліктің, жеке жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттердің маңызы атап өтілді.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқық қорғау жүйесіндегі кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпарат алды. Кездесу болашақ заңгерлердің кәсіби бағдарын айқындауға және қызметке орналасу талаптары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.

