Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University өкілдері Есіл қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді

Esil University өкілдері Есіл қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді

Esil University өкілдері Ақмола облысы Есіл қаласындағы №1, №2, №3 жалпы білім беретін мектептер мен Сайлау Сериков атындағы мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесулерге 10–11-сынып оқушылары, мектеп басшылары, педагогтер және кәсіби бағдар беру мамандары қатысты.

Университет атынан кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Б.Ө. Аханов және «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, PhD А.Ұ. Мұхиядин қатысты.

Іс-шаралар барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру және серіктес жоғары оқу орындары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар мемлекеттік білім беру гранттары, жеңілдіктер және шетелде білім алу мүмкіндіктері таныстырылды.

Сапар аясында Сайлау Сериков атындағы мектептің директоры С.Н. Ващурко мен Esil University өкілі Б.Ө. Аханов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесулер оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына қолдау көрсетуге және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.

Esil University өкілдері Есіл қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді
Esil University өкілдері Есіл қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді
Esil University өкілдері Есіл қаласында кәсіби бағдар беру кездесулерін өткізді
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →