Digital Public Administration
6В04113 Digital Public Administration білім беру бағдарламасы мемлекеттік және жергілікті басқару саласында цифрлық технологияларды, деректерді талдау құралдарын және заманауи басқару әдістерін қолдана алатын жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
6В04113 Digital Public Administration білім беру бағдарламасы мемлекеттік және жергілікті басқару саласында цифрлық технологияларды, деректерді талдау құралдарын және заманауи басқару әдістерін қолдана алатын жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
Бағдарлама мемлекеттік басқару, экономика, құқық, менеджмент, электрондық үкімет, GovTech, жасанды интеллект, Big Data, Power BI, HR-менеджмент, жобалық басқару және халықпен коммуникация салаларында білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сектор ұйымдарында тиімді жұмыс істеуге, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және жеке әл-ауқатқа жетуге қажетті жоғары кәсіби және цифрлық құзыреттерге, заманауи білім мен практикалық дағдыларға ие цифрлық мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Негізгі пәндер
- Мемлекеттік басқару теориясы
- Экономиканы мемлекеттік реттеу
- Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау
- Электрондық үкімет және цифрлық мемлекеттік қызметтер
- Мемлекеттік басқарудағы GovTech-шешімдер
- Жасанды интеллект негіздері
- Үлкен деректерді өңдеу (Big Data)
- Мемлекеттік басқарудағы Excel және Power BI
- Мемлекеттік секторға арналған SQL
- Мемлекеттік сектордағы HR-менеджмент
- Мемлекеттік билік органдарындағы HR-аналитика
- Мемлекеттік органдардағы жобалық менеджмент
- Халықпен коммуникация және кері байланыс
- Әлеуметтік-экономикалық процестерді болжау және модельдеу
Кәсіби қызмет салалары
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар; квазимемлекеттік сектор ұйымдары; цифрландыру және GovTech жобалары; электрондық үкімет және цифрлық мемлекеттік қызметтер орталықтары; талдау және жобалық кеңселер; HR-қызметтер мен персоналды басқару бөлімшелері; өңірлік даму және мемлекеттік саясат саласы.
Түлектердің болашақ мамандықтары
Мемлекеттік қызметші; мемлекеттік басқару саласындағы маман; цифрлық трансформация жөніндегі маман; GovTech-жобалар жөніндегі маман; талдаушы; бизнес-талдаушы; HR-талдаушы; жоба менеджері; мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі маман; халықпен коммуникация және кері байланыс жөніндегі маман.
Бағдарламаның артықшылықтары
Digital Public Administration бағдарламасы мемлекеттік басқару мен цифрлық технологияларды біріктіреді. Студенттер деректермен, цифрлық сервистермен, талдау құралдарымен және заманауи басқару технологияларымен жұмыс істеу бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды алады.
Білім беру бағдарламасы еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып әзірленген және мемлекеттік сектордың цифрлық трансформациясы жағдайында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған.
