Esil University-де Б-ИТиЗД-26/1Р тобының студенттеріне арналған «Esil University-дегі бағалау жүйесі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны куратор А.О. Жайлыбаева өткізді.
Кездесу барысында студенттер университетте қолданылатын бағалау жүйесінің ерекшеліктерімен, әріптік бағалау шкаласымен, оған сәйкес пайыздық көрсеткіштермен және GPA жүйесімен танысты. Қорытынды бағаны қалыптастыру тәртібі мен академиялық үлгерімді бағалау критерийлеріне ерекше назар аударылды.
Кураторлық сағат студенттердің университеттің академиялық талаптары туралы білімдерін кеңейтуге, бағалау қағидаттарын түсінуіне және оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етті.

.png&w=1080&q=75)
.png&w=1080&q=75)