Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University студенттері волейболдан спартакиадаға қатысты

Esil University студенттері волейболдан спартакиадаға қатысты

Esil University студенттерінен құралған команда Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) ұйымдастыруымен Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында өткен волейболдан спартакиадаға қатысты. Команданың қатысуын «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары Б.Т. Азиев, А.Е. Агадилов және Б.Б. Болатов ұйымдастырды.

Жарыстың негізгі мақсаты студенттер арасындағы спорттық байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және командалық рухты нығайту болды. Қатысушылар өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетіп, дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік алды.

Спартакиадаға қатысу студенттердің ойын тәжірибесін арттыруға, спорттық шеберліктерін одан әрі жетілдіру бағыттарын анықтауға және командалық жұмыс дағдыларын нығайтуға ықпал етті.

Esil University студенттері волейболдан спартакиадаға қатысты
← ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық →