Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Медициналық куәландырудан өту (әскери кафедраға түсушілерге)

Куәландыру орны: Астана қ., Республика даңғылы 54, 5-қабат. Байқоңыр ауданы.
Мерзімі: 2025 жылғы 10 сәуірден 23 мамырға дейін, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін (демалыс - сенбі, жексенбі).

Әскери комиссариаттағы медициналық комиссиядан өту үшін қажет:

Медициналық куәландырудан өту (әскери кафедраға түсушілерге)
  1. Әскери кафедрада 210 кабинетте медициналық куәландыру картасын (Ф-8) алу (9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін)
  2. Тіркелген жері бойынша тұрғылықты жерде талдау тапсыру және тексеруден өту:
  • жалпы қан талдауы;
  • мерезге микрореакция;
  • жалпы зәр талдауы;
  • ЭКГ (тыныш күйінде);
  • флюорография (3 айдан аспайтын);
  • мұрын қуысының суреті (1 жылдан аспайтын).
  1. Талдау нәтижелерін алғаннан кейін терапевт қорытындысын алу (№027 нысаны)
  2. Тері-венерологиялық диспансерде ақылы тексеруден өту (4600 мың тг., қолма-қол және картамен төлем), мерезге микрореакция нәтижесін (Республика даңғылы, 50/2, сағат 8.00-12.00) өзімен алып жүру, 10 күннен аспайды
  3. ХҚО-дан анықтамаларды жүктеп басып шығару (соттылықтың жоқтығы туралы, психикалық/нашақорлық/туберкулез есебі), 10 күннен аспайтын мерзімде жарамды
  4. Әскери кафедраға келу, әскери комиссариаттың медициналық комиссиясына келу уақытын нақтылау (медкомиссияда жеке куәлік, тіркеу куәлігі, ауыстыратын аяқ киім болуы керек, қыздарға халат алып келу қажет)
← Жаңалықтарға