Перейти к основному содержанию
*Научная библиотека

Библиографические указатели

  1. KZ
    Алимханов Е. Қазақ күресі (оқыту, үйрету, жаттықтару): оқулық.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-190 б.

    Оқулықта қазақ күресіне арналған оқыту, үйрету, жаттықтырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары қамтылды...

  2. KZ
    Асанова Т.А. Өнеркәсіптік маркетинг (дәріс кешені): оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. Тұран университеті, 2020.-49 б.

    Оқу-әдістемелік құралында өндірістік кәсіпорын маркетигінің теориялық негіздері, оның стратегиясы, мақсаты, міндеттері, қызметі, маркетинг кешенің негізгі элементтері, маркетингтік зерттеулердің түрлері мен әдістері баяндаланған...

  3. KZ
    Асқарова Ұ.Б. Экология және тұрақты даму. 1-бөлім: оқулық. – Алматы, 2020.–199 б.

    Оқулықта экологияның даму тарихы туралы мәліметтер беріліп, организмдердің құрылымдарының барлық деңгейлеріндегі олардың сыртқы қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңдылықтары қарастырылған.

  4. KZ
    Асқарова Ұ.Б. Экология және тұрақты даму. 2-бөлім: оқулық. – Алматы, 2020.–200 б.

    Табиғат пен Қоғам арасындағы үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін мемлекеттердің тұрақты дамуға өту стратегиясы мен механизмдері кең түрде қарастырылған.

  5. KZ
    Ахметкалиева С.К. Тауар қозғалысының логистикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020 .–156 б.

    Оқу құралында логистиканың негізгі функционалдық салаларының әрқайсысының міндеттері мен өзара байланыстары қарастырылған. Тауар қозғалысы логистикасының сатып алу, өндірістік, тарату және көлік жүйелерінде құрастырылған модельдерінің сипаттамалары мен зертеулері берілген.

  6. KZ
    Әшірбекова Л.Ж., Смағұлова Г.С., Есенжігітова Р.Г. Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі инновациялар: оқу құралы .– Алматы: Қазақ университеті, 2020.- 172 б.

    Оқу құралында мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі инновациялық әдістерді пайдаланудың теориясы мен тәжірибесінің қалыптасуы мен дамуы баяндаланған..

  7. KZ
    Бабаев С.Б. Тұлғалық педагогика. Педагогикалық теория негіздері: оқу құралы.-Алматы: Нұр-Пресс, 2020.-336 б.

    Оқу құралында педагогиканың әдіснамалық негіздері өрнек тапқан. Шәкірттерді баулу, оларды тәлім жолына салып, біліммен қаруландырудың әдістері, қағидаттары және педагогикалық құрал-жабдық шараларын пайдаланудың жолдары кеіәнен баяндалады.

  8. KZ
    Берстембаева Р.К., Ескалиева А.Ж. Компанияларды қаржылық сауықтыру: оқу құралы.-Атырау, 2020.-234 б.

    Оқу құралы кәсіпорындағы дағдарысты дамытудың теориялық аспектілері, оны талдау және банкроттық болжау әдістемесі, сондай-ақ ҚР-дағы кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру тәжірибесі қамтылған...

  9. KZ
    Ғабитов Т.Х., Зейнуллин Р., Осербаев Е. Қазақстандағы мәдени туризм: Ұлттық код. Артефактілер: анықтамалық – Алматы: Қазақ университеті, 2020 -360 б.

    Қазақстандағы мәдени туризм, жәдігер мен ескерткіштерге арналған анықтамалық пен электрондық контентте авторлық топтың мәдениеттану мен философия ғылымдары салаларында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде қазақ мәдени ескерткіштер туралы мәлімет кешенді түрде берілген.

  10. KZ
    Дудар Т.Г., Волошин Р.В., Осик Ю.И. Логистика: оқу құралы.-Алматы: Нұр-Пресс, 2020.-224 б.

    Оқу құралында логистика теориясының негізгі аспектілері: логистика пәні, міндеттері мен тұжырымдамалары жинақталып баяндаланған. Логистиканың негізгі салаларының ерекшеліктеріне сипаттамалар берілген...

  11. KZ
    Ермекбева Б.Ж. Салық менеджменті: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-140 б.

    Оқу құралында салық менеджменті мәселелері жан-жақты зерделенген. Салық менеджментінің теориялық сыныпталуы қарастырыла келіп, практикалық тұрғыда қызмет ету механизмі зерделенген. Мемлекеттік және корпоративтік салық менеджменті талдана келіп, дамыған елдердегі қызмет ету ерекшеліктері қарастырылған.

  12. KZ
    Жетписбаев Б.А. және т.б. Әкімшілік жауаптылық: оқулық.-Алматы: Нұр-Пресс, 2020.-252 б.

    Оқулық Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық институтының конституциялық-құқықтық негіздерінің кешендік тұжырымдамасына арналған. Жұмыс әкімшілік жауаптылық институтының әрі қарай дамуына бағытталған.

  13. KZ
    Жомартова Ш.Ә. Желілік технологиялар: оқу құралы / Ә.С. Тергеусізова.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-276 б.

    Оқу құралында қазіргі заманғы компьютерлік желілердің архитектурасы мен технологиясының негізгі қағидалары қатарласа қарастырылған.

  14. KZ
    Жұмамбаев С.К. Адам ресурстарын басқару: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. –234 б.

    Адам ресурстарын қалыптастыру ресурстары мәселелері, адам ресурстарын басқарудағы заманауи көзқарастар және т.б. қарастырылған.

  15. KZ
    Жұмамбаев С.К Өндірістік менеджмент. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020 .– 228 бет.

    Оқу құралында өндірісті басқару және ұйымдастыру саласындағы соңғы білім жетістіктері келтірілген. Өндірістік менеджменттің мәні, өндірісті ұйымдастырудың ұстанымдары мен әдістері, техникалық қызмет көрсету міәселелері, кәсіпорындағы инновациялары қызмет, өнім сапасын жақсарту, өнім өндіру және өтімін жоспарлау көрсетілген.

  16. KZ
    Какимжанов Е.Х., Мамутов Ж.Ү. Агроландшафттардың геоақпараттық-картографиялық негізі: монография.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-202 б.

    Монографияда ландшафттар мен агроландшафттардың тұжырымдары геоақпараттық жүйе негізінде талданып, соның ішінде ландшафттардың дифференциациялық бөлінуі тұрғысынан қарастырылады..

  17. KZ
    Котенева О.А. Зияткерлік меншікті басқару әдістері: оқу құралы.-СПб.: ІТМО университеті, 2020.-108 б.

    Нұсқаулықта патенттік құқықтар объектілерін құқықтық қорғауды алудың заңнамалық аспектілері және өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде зияткерлік қызметтің патентке қабілетті нәтижелерін басқару әдістері мен технологиялары қарастырылған.

  18. KZ
    Көпешова Б.Қ. Корпорациялар қаржысы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-258 б.

    Оқу құралында корпорациялар қаржысы, корпорацияның негізгі капиталы, корпорацияның айналым капиталы, өнімді өндіріп өткізу шығындары мен корпорацияның басқа да шығыстары, корпорация табысының қалыптасуы мен бөлінуі, корпорацияның меншік капиталы және т.б. қарастырылған.

  19. KZ
    Қазақстан Республикасы. Кодексі. Қылмыстық кодекс.-Алматы: Юрист, 2020.-220 б.
  20. KZ
    Қазақстан Республикасы. Кодексі. Қылмыстық кодекс.-Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2020.-260 б.