20.11.2025 жыл сағат 15.00-те «ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ, ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ» тақырыбындағы тәрбиелік ашық сағаты 323 аудиториясында Б-ЕжА25/1Қ тобымен өткізілді.

Ашық сабақтың  мақсаты:   Білімгерлерге «Заң және тәртіп» қағидатын, жеке тұлға өміріндегі, қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, жауапкершілік пен өзін-өзі басқару мәдениетін қалыптастыру.

Ашық сабаққа қатысқандар: «Бизнес және  басқару» факультетінің  деканы Алина Г.Б., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор; Студенттермен жұмыс жөніндегі декан Күнгелдіқызы Ш., «Есеп және аудит» кафедра меңгерушісі Бекжанова Т.К. және  профессор оқфтушылар құрамы Алиев М.К., Успамбаева М.К, Айтхожина А.Е.,  Конуркульжинова Т.М.

Студенттермен жұмыс жөніндегі декан Ш. Күнгелдіқызы сөз алып: ғұлама философ Аль-Фарабидің сөзінде «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы

» деген мағанасы бар сөзді ескере отырып, бірінші курс студенттеріне заң мен тәртіпке көп көңіл бөлуді; ақылды, парасатты болуға шақырды.

«Бизнес және  басқару» факультетінің  деканы Г.Б. Алина ҚР Президенті Қ. Ж.Тоқаевтың «Заң және тәртіп» қағидатын сақтай отырып жаңадан университетіміздің табалдырығын аттаған білімгерлерге білімді, креативті, алғыр болуға және үкендерді сыйлап, құрмет көрсетуді, адал болуды  айтып өтті.

ЕжА25/1Қ тобы білімгерлері  «ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ, ТӘРТІПСІЗ ЕЛ БОЛМАЙДЫ» деген батыр Бауржан Момышұлы атамыздың сөзімен  бастап қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың сөзімен жалғастырып алғашқы тәрбиелік ашық сағатын өткізді.